+7 7172 62-15-69 Мәңгілік Ел даңғылы, 57А, Астана қ., 010000 tisc@qazpatent.kz Дс-Жм 8:00-17:30, түскі үзіліс 12:00-13:30

Қазақстан ТИҚО

Жоба тарихы

Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары (ТИҚО) – 2009 жылы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) бастамасымен құрылған халықаралық жоба. Оның мақсаты – ТИҚО қызметтерін пайдаланушыларға ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласында ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету арқылы елдер мен өңірлердің инновациялық әлеуетін арттыруға жәрдемдесу. 2026 жылғы ДЗМҰ деректеріне сәйкес, әлемнің 93 елінде 1832-ден астам ТИҚО орталығы жұмыс істейді.

Technology and Innovations Support Centers (TISC) бағдарламасы туралы ДЗМҰ сілтемесі: https://www.wipo.int/ru/web/tisc

TISC бағдарламасының пайда болу тарихы (Background of TISC Program): https://www.wipo.int/en/web/tisc/background

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Қазпатент) 2021 жылғы 5 тамызда ДЗМҰ-мен Қызмет көрсету деңгейі туралы келісімге (Service Level Agreement) қол қойды.

2021 жылы алғашқы екі ТИҚО орталығы екі университеттің базасында ашылды: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ.

2022 жылы ұлттық ТИҚО желісі кеңейтіліп, оған тағы 16 жаңа орталық қосылды.

2023 жылы ТИҚО бағдарламасы аясындағы ынтымақтастыққа қосымша 13 орталық қосылды.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы ұлттық ТИҚО желісіндегі орталықтар саны 41-ге жетті.