+7 7172 62-15-69 Мәңгілік Ел даңғылы, 57А, Астана қ., 010000 tisc@qazpatent.kz Дс-Жм 8:00-17:30, түскі үзіліс 12:00-13:30

Қазақстан ТИҚО

Оқыту

Оқыту

ДЗМҰ курстарына тіркелуге арналған нұсқаулық

ДЗМҰ Академиясы – Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (ДЗМҰ, WIPO) оқу бөлімшесі. Академия Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінде (ағылшын, француз, испан, араб, орыс және қытай тілдері), сондай-ақ португал тілінде зияткерлік меншік саласы бойынша бастапқы және тереңдетілген деңгейдегі онлайн курстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және оларды аяқтаған тыңдаушыларға ДЗМҰ сертификатын береді.

Курстар зияткерлік меншік теориясының негізгі бағыттарын (авторлық құқық, патенттер және тауар белгілері), зияткерлік меншікті басқаруды, зияткерлік меншік саясатын және осы саладағы практикалық дағдыларды қамтиды.

Зияткерлік меншік бойынша жалпы курс (DL-101), «Патенттер: негізгі ұғымдар» мамандандырылған курсы (DL-170) және «Патенттік ақпаратты пайдалану» электрондық оқыту курсы (DL-177) барлық ТИҚО қызметкерлеріне өту үшін ұсынылады.