ТИҚО-ның міндеттері:
- Мамандандырылған патенттік және патенттік емес деректер базаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
- ТИҚО қызметкерлері мен жергілікті пайдаланушыларды жергілікті жерде және қашықтан оқыту.
- ТИҚО қызметкерлеріне арналған оқыту курстары мен іс-шараларын өткізу.
- Ақпараттық және оқу материалдарын ұсыну.
- Хабардарлықты арттыруға бағытталған іс-шараларды қолдау.
ТИҚО құрудың артықшылықтары:
- Халықаралық жобаның қатысушысы мәртебесіне ие болу.
- Толықмәтінді патенттік деректер базалары мен патенттік емес ақпараттық ресурстарға тегін қол жеткізу.
- ДЗМҰ семинарларында ТИҚО қызметкерлерін тегін оқыту.
- ДЗМҰ өкілдерінің қатысуымен ТИҚО қызметіне қатысты ғылыми-әдістемелік және практикалық материалдармен қамтамасыз ету.
- ДЗМҰ Академиясының курстарында ТИҚО қызметкерлерін тегін қашықтан оқыту (барлық мамандандырылған курстар бойынша).