2026 жылғы 6 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, өнертабысқа өтінім беру және авторлық құқық объектілерін тіркеу мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарды Еуразия ұлттық университетінің Инновацияларды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Азат Махмет жүргізді. Қатысушыларға Басқарма мүшесі — ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор Нұрбек Сапарходжаев кіріспе сөз сөйледі.
Авторлық құқық басқармасының басшысы Раушан Аввалова авторлық құқық объектілерін тіркеу тәртібі туралы ақпарат берді.
Өнертабыстар мен селекциялық жетістіктерді ресми сараптау басқармасының басшысы Дана Алимжанова патент алуға өтінім беру және өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау, сондай-ақ өнертабыстарды халықаралық патенттеу мәселелерін баяндады. Баяндамалардан кейін қатысушылар сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Семинар қатысушылардың зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және тіркеу рәсімдері туралы білімін арттыруға бағытталды.




