2026 жылғы 23 сәуірде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Kazpatent) Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (бұдан әрі – ТИҚО) ұлттық желілерінің үйлестірушілері мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің (бұдан әрі – университет) қызметкерлеріне арналған «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу» және «Тауар таңбаларын тіркеуге өтінім беру талаптары» тақырыптарында онлайн-семинар өткізді.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Kazpatent үйлестіретін Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары (ТИҚО) жобасының қатысушысы болып табылады және зияткерлік меншік саласындағы қызметтерді дамытуда. Ал Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті биылғы жылдың сәуір айында ТИҚО жобасына қосылып, зияткерлік меншікті басқару саласындағы білімдері мен біліктіліктерін арттыруға қызығушылық таныта отырып, оқыту семинарларына белсенді қатысуда.
Kazpatent өкілдері өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелерін түсіндіріп, сондай-ақ тауар таңбаларын тіркеуге өтінім беру талаптары бойынша жан-жақты ақпарат берді. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде қойды.
Семинар Kazpatent пен АХҚО және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының ұлттық желілері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
